Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы "№2 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Шымкент, Рашидов к-сі, 29/3 (Әл-Фараби ауданы)
+7 (7252) 50 20 02
+7 (7252) 50 37 97
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

№2 Облыстық перинаталдық орталықта жақында Даулетбаева Айгерім есімді бақытты ана егіздер босанды.


№2 Облыстық перинаталдық орталықта жақында Даулетбаева Айгерім есімді бақытты ана егіздер босанды.Бір ұл Нүркен мен бір қыз Көркем есімді сәбилерін дүниеге алып келген ананың қуанышында шек жоқ,өзінің шексіз алғысын айтуда.  Құшағыма сәбиімді аман-есен құшуыма алдымен Алланың, екінші №2 Облыстық перинталдық орталықтың білікті дәрігерлерінің арқасы.  Қазіргі таңда балаларымның жағдайлары жақсы үйге шығудамыз. Сіздердің ерен еңбектеріңізге, жақсы мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш- жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін. Біліктіліктеріңізді одан әрі шыңдап, биік шыңдардан көрінулеріңізге тілектеспін.-деді Даулетбаева А.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу