Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы "№2 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Шымкент, Рашидов к-сі, 29/3 (Әл-Фараби ауданы)
+7 (7252) 50 20 02
+7 (7252) 50 37 97
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Суық тию немесе тұмау кезінде өзіңізге қалай көмектесуге болады


Жыл сайын күн салқындағанда «суық тию » аурулары көбейеді. Көп адамдар мұны селқос қабылдап,  емханаға  барудың орнына салқын тиді деп сеніп,  емді  өздері тағайындайды. Алайда,  медицинада ондай ұғым жоқ. Дәрігер «ЖРВИ», «Тұмау» немесе «ЖРА» диагнозын қоя алады.

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) балалар арасында  ең көп таралған аурулар болып табылады және ата-аналар үшін ол ауру  туралы білу өте маңызды.  Осы аурулар кезінде  тыныс алу жолдары зардап шегеді, сондықтан оларды тыныс алу аурулары деп атайды. ЖРВИ-нің ішіндегі ең қауіптісі  - тұмау. Инкубациялық кезеңі  бірнеше сағаттан 1-3 күнге дейін, әсіресе тұмау ауыратын 2 жасқа дейінгі балалар мен созылмалы аурулармен ауыратын  65 жастан асқан қарттар үшін қауіпті. Жүкті әйелдер де тәуекел тобына енеді.

Халықтың тұмаумен сырқаттанушылық, асқынулар мен өлім-жітімді төмендетудегі жалғыз тиімді шара - бұл вакцинация. Тұмауға қарсы иммунитет бір күнде пайда болмайды: оны қалыптастыру  үшін уақыт қажет. Вакцинациядан кейінгі иммунитет 2-3 апта ішінде қалыптасады, 6-12 айға дейін сақталады. Эпидемия басталғанға дейін вакцина алып үлгеру керек.

Тұмау және басқа өткір респираторлық вирустық инфекциялар мен аурушаңдықтың өсу кезеңінде профилактиканың  жалпы шараларын сақтау қажет:

•  қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз, әсіресе жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін;

•  пәтерді, үй-жайларды жиі желдетіңіз, сондай-ақ  дымқылдатып  тазалауды жүргізіңіз;

•  далаға шықпас бұрын мұрын жолдарына оксолинді жақпа жағыңыз, бұл вирустардың тыныс алу жолына енуіне жол бермейді;

•  жеке қорғаныш бетперделерін киіңіз.

Жаттығу жасау, спортпен шынығу, жақсы ұйқы, дұрыс тамақтану, көкөністер, жемістер, табиғи шырындар, компоттарды пайдалану суық тиюдің алдын  алу (ауа-райына сәйкес киім кию) – бұл  сіздің денсаулығыңызға кепілі болатын факторлардың толық тізімі емес екенін ескертеміз.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу