Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы "№2 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Шымкент, Рашидов к-сі, 29/3 (Әл-Фараби ауданы)
+7 (7252) 50 20 02
+7 (7252) 50 37 97
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Қара бұрыш коронавирустан қорғамайды


Желіде қара бұрыш коронавирусты жұқтырудан қорғайды және оны тиімді алдын алу шарасы ретінде қолдануға болады деген ақпарат кеңінен тарап жатыр, деп хабарлайды stopfake.kz ресурсы.

Пайдаланушылардың сөзіне сенсек, мұндай жаңалықты Үнді технология институтының ғалымдары ашқан. Бірақ әлемдік ғылыми қауымдастық үнді мамандарының тұжырымын қолдаған жоқ. ДДСҰ сайтында қара бұрыш SARS-CoV-2 вирусы жасушаларын тоқтата алады деген мәлімдеме ресми жоққа шығарылды. «Әрине, тағамға қосқанда ащы бұрыш гастрономиялық артықшылықтарға ие, бірақ COVID-19-дың алдын алмайды және емдемейді» делінген ДДСҰ ресми интернет-платформасында. ДДСҰ сарапшылары КВИ кезінде ғана емес, сонымен қатар басқа да вирустық аурулардың алдын алудың ең жақсы шаралары теңдестірілген тамақтану, көп су ішу, физикалық белсенділік және дұрыс ұйқы болып табылатынын ескертеді. COVID-19 пандемиясы кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу, жиі қол жуу және санитайзерлерді қолдану ұсынылады. Сондай-ақ, адам көп жиналатын жерлерге бармау керек. Созылмалы ауруы бар және 65 жастан асқан адамдарға қажетсіз үйден шықпауға кеңес беріледі.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу