Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасы "№2 Облыстық перинаталдық орталығы" ШЖҚ МКК

Қазақстан, Шымкент, Рашидов к-сі, 29/3 (Әл-Фараби ауданы)
+7 (7252) 50 20 02
+7 (7252) 50 37 97
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Көкірек сүтінің маңызы


№2 Облыстық перинаталдық орталықтың  медицина қызметкерлері босанушы және босанған әйелдерге баланы емізу тәсілдерін және ана сүтінің пайдасы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүгізуде.Балаға өмірдің алғашқы минуттарынан бастап бере алатын ең жақсы нәрсе - кеудеге салып, алғашқы 6 айда тек ана сүтімен тамақтандыру. Емшек сүті –стерильді, жылы тағам, баланың ағзасы ана сүтін оңай сіңіреді және қорытады. Сәби оны күн мен түннің кез келген уақытында жеткілікті мөлшерде ала алады. Ол баланың ағзасы талап ететін ақуыз, май, көмірсу, витаминдер секілді нәрлі заттарға қажеттіліктерін толықтырып, 15-тен астам гормондар мен лактобактериялардың жақсы жетілуін қамтамасыз етеді. Ана сүті 80% судан тұрады және ол баланың суға деген сұранысын толық қанағаттандырады. Сондықтан 6 айға дейін тіпті ыстық ауа-райында бала ағзасы қосымша сұйықтықты немесе тағамды қажет етпейді. Емшек сүтінде болатын иммуноглобулиндер әртүрлі жұқпалы аурулардан сәби ағзасын сенімді қорғайды. Әсіресе, өмірінің алғашқы жылы.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу